«Үздік психолог – 2021» байқауы өтті

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

«Үздік психолог – 2021» байқауы өтті

Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық-практикалық білім алу қызметін дамыту, психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған «Үздік психолог – 2021» байқауының облыстық кезеңі онлайн режимінде өтті.

Байқаудың аудандық, қалалық кезеңдерінде жеңіске жеткен 18 педагог-психолог 3 аталым бойынша облыстық кезеңде сайысқа түсті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Замира Айджанова қазылар алқасының құрамында болып, байқаудың мақсат-міндеттеріне, қатысушыларға қойылған талаптар мен бағалау критерийлеріне сәйкес сайыскерлердің жұмыстарын сараптаудан өткізді. Байқау жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!