Зерттеудің алты қадамы

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Зерттеудің алты қадамы

Мен бүгін қазақ әдебиеті пәнінен әлем әдебиетінің туындыларын оқыту тәжірибеммен бөліскім келеді.

9-сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша К.Гамсунның «Аштық» романын оқытуда көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану мақсатына сәйкес мынадай тапсырма беруге болады.

Үлестірме материалда ұсынылған крест-нөл кестесіндегі мынадай тапсырма үлгісін оқушыларға ұсынамын:

  • шығарма үзіндісін пайдалана отырып, романдағы оқиға орын алған

жерге (Норвегия елінің Христиания қаласы) ұқсас қаланы/жерді (Қазақстанның кез келген қаласын алуға болады) зерттеңіз;

  • салыстыру жасау үшін карта, эскиз, халық саны және өзге де

демографиялық деректерді пайдаланыңыз, зерттеудің алты қадамын пайдалана отырып, зерттеу жұмысын жазыңыз.

Зерттеудің алты қадамы

1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін? Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды қалай таныстырамын?

2. Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? Маған кім көмектесе алады?

3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді болып табылады?

4. Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба? Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?

5. Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыамын? Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге таныстыратын боламын?

6. Соңғы өнімді бағамдау: Мен бірдемені қалдырып кеттім бе? Менің жұмысымның мәні бар ма? Мен орфографиялық және грамматикалық нормалардың сақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымның сәтті шыққанын сезіне алдым ба? Мен не үйрендім?

Зерттеудің алты қадамы – оқушыныізденуге ұмтылдыратын, шығармашылыққа баулитын, сыни ойлауға жетелейтін зерттеу жұмыстарын жүргізудің алғашқы баспалдағы.

Сабақ үдерісі кезінде шағын ізденістен басталған зерттеу жұмысы оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын жазуына бастама болмақ.

Сіздер де қолданып көріңіздер, әріптестер.

Өздеріңіздің сабақта зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибелеріңізбен де бөлісе отырыңыздар.

Дияна Елеуқызы Рашитова,

Мұнайлы ауданының

Ш.Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі