Кәсіби шеберлігімді ұштаудың бір баспалдағы болды

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Кәсіби шеберлігімді ұштаудың бір баспалдағы болды

Оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйрету, функционалдық сауаттылықтарын арттыру, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөле отырып, заманауи технологияларды қолдану – мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың бір саласы.

Осы бағытта ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» АҚ виртуалды білім беру бағыты аясында өткізген үздік педагогтердің эстафетасына қатысу мен үшін үлкен тәжірибе жинақтау алаңы болды.

Бұл бағыттағы тәжірибем 1-тоқсанның бейнесабақтарын әзірлеуден басталды. Сабақ сценарийін жазу, презентация әзірлеу, дыбыс жазудың қыр-сырын меңгеріп, тренеріміздің көмегімен өңдеп, жетілдіріп, сапалы дүние әзірлеп шығардық. 6-сыныптың қазақ тілі пәнінен дайындаған «Бурабай ұлттық саябағы», «Алтынемел ұлттық саябағы», «Хан Тәңірі шыңы» және 11-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша 2-тоқсанға арналған «Миграция. Зияткерлік миграция» тақырыбындағы бейнесабақтарымның республикамыздың түкпір-түкпіріндегі білім алушыларға қолжетімді болып, қашықтан білім алуларына септігін тигізгеніне қуанамын.

Үздік педагогтер эстафетасына қатысып, сандық технологияларды қолдана отырып түсірген бейнесабақтар кәсіби шеберлігімді ұштаудың, шығармашылықпен ізденудің бір баспалдағы болды.