Мәди Айымбетов. «Бар болғаны он төрт жас» хикаяты

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Мәди Айымбетов. «Бар болғаны он төрт жас» хикаяты

Мәди Айтбенбетұлы Айымбетов 1946 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді селосында туған.

Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, суреткерлік әлеуетімен оқырмандарға кеңінен танымал қаламгердің өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап жарық көрген прозалық шығармалары негізінен повесть пен әңгіме жанрында жазылған.

Жазушының балалар мен жасөспірімдер өмірінен жазылған «Бар болғаны он төрт жас» хикаяты – «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған шығарма.

Шығармада 7-сынып оқушысы Әбіл Әділовтің адами болмысының қалыптасу ерекшеліктері өміршең тартымды оқиғалар арқылы көркем әрі шебер өрнектелген.

Әбілдің «Даңқ мүйісін» ашуға белсене қатысуы, соғыс сарбазы Тұрал Молдабаевты іздестіруі, атасына деген сүйіспеншілігі, қарындасына деген қамқорлығы, кеудесінде бүршік жарған ең алғашқы махаббат сезімі қарапайым тілмен өте нанымды суреттелген.

Хикаятты оқып, кіршіксіз таза балалар әлеміне сапар шегіп қайтыңыз, құрметті оқырман.