Академиялық кітапханалардың X еуразиялық конференциясы өтті

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Академиялық кітапханалардың X еуразиялық конференциясы өтті

Назарбаев Университетінің кітапханасы және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханаларының қауымдастығы 2021 жылғы 29-30 маусым аралығында жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы (EHELF) аясында «Академиялық кітапханаларда ақпаратты ұйымдастырудың заманауи бағыттары» атты Академиялық кітапханалардың X Еуразиялық конференциясын өткізді.

Конференцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ кітапхана ісінің бас маманы Ақкүріш Базарқызы Утебаева тыңдаушы ретінде қатысты.

Конференция бүкіл әлемнің кітапханаларының ақпаратты ұйымдастыру қағидаттары мен стандарттарын енгізу тәжірибесімен алмасатын, сондай-ақ осы саланың дамуындағы жаңа бағыттарды ұсынатын алаңға айналды.

Технологияның рөлін жаңаша көзқараста түсінуге, кітапханалардағы ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдері мен процестерін үйренуге мүмкіндік берген конференцияда сонымен қатар технологияларды қолдануға қатысты деректерді басқару туралы білім алмасып, озық тәжірибелер туралы бірқатар мәлімет алдық.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған