Білім беруді ізгілендіру жағдайында педагог шығармашылығын арттыру

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Білім беруді ізгілендіру жағдайында педагог шығармашылығын арттыру

«Өзін-өзі танудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында «Өрлеу» – Маңғыстау филиалының аға оқытушысы Рысгүл Нұрованың ұйымдастырған курсы жоғары деңгейде өтті.

Әр сабағымыз мазмұнды болды, сабақ барысында тақырыпты қамтитын видеоматериалдар көрсетілді, «Рухани-адамгершілік құндылықтар» жайлы, оның түрлі салалары, педагогикада қолдану тәсілдері туралы дәрістерді тыңдадық.

Бұл курста әріптестеріміздің тәжірибесімен де танысып отырдық. Әріптестеріміз жасаған видеотоптамалар, слайдтар, суреттер, әдеби материалдармен таныстық. Көкейімде жүрген «Қалай жасаған дұрыс?», «Қате жасап жүрген жоқпын ба?» деген сияқты сұрақтарыма жетекшіміз Рысгүл Жұмажанқызының дәрісінен тұшымды жауап алып, білімімді толықтырдым.

«Ұстаздың берген білімі – шәкіртіне өмірлік бағыт» демекші, осы курстан үйренген білім мен біліктілігім кәсіби деңгейімді көтеріп, шығармашылық еңбегіме жаңа бағыт берді. Білім беруді ізгілендіру жағдайындағы педагогтардың шығармашылығын арттыруда бұл курстың маңызы зор деп есептеймін. Мыңдаған ұстаздардың алғысына бөленіп жүрген «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымына және тренеріміз Рысгүл Жұмажанқызына ризашылығымды білдіремін. 

Апуза Төлегенова,

Қарақия ауданының

№11 жалпы білім беретін мектебінің

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған