Педагогтарға арналған тегін онлайн курсы басталды

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Педагогтарға арналған тегін онлайн курсы басталды

Құрметті ұстаздар!

Бүгін педагогтарға арналған «Педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту» тегін онлайн курсы басталды.

Оқу барысында сіз заманауи цифрлық білім беру технологияларымен, оларды оқу процесінде қолдану принциптерімен танысасыз және сандық ортада сабақтарды жобалау және тиімді оқу ортасын құру үшін дизайн ойлау дағдыларын қалыптастырасыз.

Сіз бейне-педагогиканың практикалық құралдарын игересіз және Canva, Pictochart, Jambord, Google forms, Flippity, Coggle IT, ActivStudio, Dropbox, Kundelik сияқты ресурстарды, қосымшалар мен қызметтерді қолдануды үйренесіз. Курстың платформасында біз ұлттық білім беру деректер базасының (ҰБДҚ) кейбір элементтерін пайдалану бойынша нұсқаулық орналастырдық. Курс сізді Microsoft корпорациясының шығармашылық әлеуетін арттыруға көмектесетін пайдалы ресурстарымен таныстырады.

Курс құрылымы, техникалық, әдістемелік қолдау, курсқа өту инструкциясы туралы ақпараттар www.ict.edu.kz вебсайтында жарияланды.

Ақпарат үшін байланыс телефоны: 8 771 407 0429, Тажибаев Булатбек Толкумбекович

Курс ҚР БҒМ платформасында орналастырылған – www.edu.kz

және 2021 жылдың 31 қазанына дейін тегін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған