Біліктілік арттыру саласындағы басты мәселелер

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Біліктілік арттыру саласындағы басты мәселелер

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясына қатысқан «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова біліктілік арттыру саласындағы басты үш мәселеге тоқталды.

«Күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе – біліктілікті арттыру сапасы. Біз оны көптеген құралдар, біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін мониторингтік зерттеулер арқылы қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бізге сыртқы сарапшылар, мәжіліс, мәслихат депутаттары келеді, біздің сабақтарымызға білім басқармасының өкілдері де қатысады.

Біз үшін екінші үлкен бағыт – педагогтерді үздіксіз кәсіби даярлау. Біз ұлттық педагогикалық университеттермен, біліктілікті арттыру ұйымдарымен, мектептермен, білім басқармаларымен бірге педагогтің даму үдерісінде кім және қандай орын алатынын, педагогтің қандай дағдыларды дамытуы керектігін әркім түсінуі үшін жұмыстар жүргіземіз.

Үшінші мәселе – зерттеу. Біз ғылыми деректер барлық нәрсенің негізінде жатыр деп есептейміз. Бұл педагогтерге қандай дағдылар керек, қандай біліктілікті арттыру курстары, жас, неғұрлым тәжірибелі, ауылдық және қалалық педагогтерге не қажет екенін түсінуімізге негіз болады», – деді Әсел Зейнулақызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған