Педагогтің кәсібилігі мен үздіксіз кәсіби даму мәселесі талқыланды

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Педагогтің кәсібилігі мен үздіксіз кәсіби даму мәселесі талқыланды

5 тамыз күні жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ҚР педагогтерінің Тамыз конференциясының аясында «Өрлеу «БАҰО» АҚ-ның «Педагогтің кәсібилігі және үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбында секциялық отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, ЖОО ректорлары, облыстық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының өңірлік білім басқармаларының басшылары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының директорлары, «НЗМ» ДББҰ ПШО өкілдері, педагогтер және шақырылған қонақтар қатысты.

Секция жұмысы барысында мектепке дейінгі ұйымдардан бастап ЖОО-ға дейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде педагогтің кәсіби білігі мен үздіксіз кәсіби даму мәселесі талқыланып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары педагогтерінің кәсіби дамуының бағыттары, мектеп педагогтерінің кәсіби өсуіне жағдай жасаудағы орта білім беру ұйымдарының тәжірибесі ұсынылды. Сонымен бірге педагогикалық колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға арналған іс-шаралар кешені, ЖОО педагогінің кәсіби даму мүмкіндіктері мен траекториясы жөнінде айтылды.

Қатысушылар Қазақстан үшін маңызды оқиға UNESCO есебінде алғаш рет біліктілікті арттыру жүйесіне халықаралық деңгейде жүргізілген талдау нәтижелерімен танысты.

Шара барысында педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға біртұтастық сипат беріп, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап, орта, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алу, педагогтердің үздіксіз кәсіби даму жүйесін қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған