Тамыз конференциясының секциялық отырысы мазмұнды өтті

ФИЛИАЛ НАЦИОНАЛЬНОГО ЦЕНТРА ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ ПО МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ

Тамыз конференциясының секциялық отырысы мазмұнды өтті

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды.

Әр оқу жылының қарсаңында өтетін Тамыз конференциясының «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұйымдастырған секциялық отырысына облыс атынан қатысып, шетелдік және еліміздің білім саласында жүрген мықты педагогтерінің баяндамаларын тыңдадым. Секциялық отырыс 5 тамыз күні «Педагогтің кәсібилігі және үздіксіз кәсіби дамуы» тақырыбында өтті.

Шара барысында сөз алған шетелдік әріптестеріміз шетелдегі білім беру ошақтарымен байланыс орнатып, тәжірибе алмасуға болатындығын айтты.

Мектепке дейінгі білім беру, мектептердегі кәсіби біліктілікті аттыру жолдары, колледждерде, ЖОО-да атқарылып жатқан осы бағыттағы жұмыстар туралы өз кезегінде спикерлер кеңінен баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жұмысқа жаңадан орналасқан жас мамандарға моральдық, материалдық көмектің артық болмайтындығы, сол арқылы кәсіби тұрғыда шыңдалып, жақсы маман ретінде қалыптастындығы туралы айтылды. 

Сондай-ақ, ауқымды шарада қазіргі таңда мектептегі өзекті мәселеге айналып отырған тәлімгерліктің жолға қойылуы, тәлім алушы мен тәлімгердің ғана емес, мұғалімдердің өзара бір-бірімен тәжірибе алмасуы сөз болды. Конференция соңы ашық диалог алаңына айналып, жиынға қатысушылар тарапынан сұрақ қойылып, пікір алмастық, үздіксіз кәсіби дамудың маңыздылығына терең бойладық.

Құрметті әріптестер, баршамызға жаңа оқу жылы тың серпіліс, жаңа екпін, мол жетістіктер әкелсін!

Орынтай Күмісбай,

Түпқараған ауданы Е.Өмірбаев атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.