10 тамыз – Абай күні!

ФИЛИАЛ НАЦИОНАЛЬНОГО ЦЕНТРА ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ ПО МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ

10 тамыз – Абай күні!

Бүгін — қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Үкімет қаулысымен былтыр, Абайдың 175 жылдығында елімізде 10 тамыз – Абай күні деп бекітілді.

Абай күні – әрі халықтық, әрі елдік мәні бар күн. Өз шығармаларымен қазақ халқының ақыл-ой қазынасын ғаламат биікке көтерген дана ақын — әлемдік өркениетте өзіндік орны бар тұлға. Әлем үшін белгілі ұлттың аты мен тұлғасы тұтастанып кететіні белгілі. Ұлы Абай — сондай тұлға! Ол сол биікке өзімен қоса туған ұлтын да өрлетіп, төрлетіп кетті.

Оның ұлағатты сөздерінде «түсінем» деген жанға қаншама даналық пен кемеңгерлік жатыр. Бүгін сіздерге ұлы ойшылдың нақыл сөздерін ұсына отырып, оның баға жетпес бай мұрасын оқып, рухани азық алуға шақырамыз.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де — ақымақтық.

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса — іздеп таба алмайсың.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.