Педагог әліппесі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Педагог әліппесі

«Коллаж әңгіме» әдісі

Бұл әдіс топтық жұмысқа негізделген. «Коллаж әңгіме» әдісі арқылы оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдылары дамиды.

Мысалы: «Өсімдіктің құрылысы» тақырыбын өткенде оқушыларға өсімдікке қатысты суреттері бар журналдар беріледі. Олар өсімдіктің тамыры, сабағы, жапырағы, т.б. құрылысына қажетті суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, солар туралы әңгіме құрастыруға, салыстыруға, топтауға, суреттеуге үйренеді.

Бұл әдісті тақырыпты қорытындылау кезінде қолданған тиімді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған