Республика кітапханашыларының тамыз кеңесі өтті

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Республика кітапханашыларының тамыз кеңесі өтті

16 тамыз күні ҚР Білім және ғылым министрілігінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының ролі» тақырыбында республикалық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.

Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау филиалының кітапхана ісінің бас маманы Ақкүріш Өтебаева қатысып, АҚШ, Украина, Өзбекстан және қазақстандық әріптестерінің іс-тәжірибелерімен танысты.

Секциялық отырыста талқыланған кітапханаларды сандық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту сияқты өзекті мәселелер кітапханашылардың жұмысына жаңа бағыт-бағдар беретіні сөзсіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған