Тыңдаушы пікірі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» тақырыбында Blended learning форматында өтіп жатқан курстың тыңдаушысы Жаңаөзен қаласының №15 «Әлия» балабақшасының тәрбиешісі Үміт Абишаеваның курс жайлы пікірін тыңдай отырыңыздар.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында біліктілік арттыру курсы өтуде. Курс жетекшісі – А.Қ.Жұмабаева.

Курс тыңдаушысы, Маңғыстау ауданының «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Шолпан Тобаниязова аталмыш курс жайында айта келе, институт ұжымын ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Г.Ж.Сәрсенғалиева білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Мұнайлы ауданында жүрмелі курс өткізуде. Курс тыңдаушысы осы ауданның №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жансая Туралыеваның курс жайлы айтқан жылы лебізін тыңдай отырыңыздар.

«Жақсы сөз жан семіртеді» дейді халық даналығы. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Ағуза Рамазанованың жетекшілігімен өткен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы курсқа қатысқан Түпқараған ауданы, Шахта орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Мөлдір Мұратова курс нәтижесінде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, алғыс сезімін бейнежазба арқылы жолдап, көңілімізді көкке көтерді. Жас ұстаздың алдағы уақытта да жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Еңбегіңіз жансын, Мөлдір Мұратқызы!

Толық ақпарат orleumo.kz сайтында